Қостанайда жол жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқырғандар анықталды

Аймақ
21.10.2021, 09:53

Кәсіпорын директоры мен әкімдік қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанайда жол жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқырғандар анықталды

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер «Galara» ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу шарт жасалған.

«Galara» ЖШС бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынды.

Жалған акт негізінде ЖШС есеп шотына 27 миллион астам теңге негізсіз аударылған.

Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сұхбат

PhotoRoom