«Омыртқама, беліме операция жасаттым». Назарбаев халықтан кешірім сұрады

Жаңалықтар
22.10.2021, 10:33

Елбасы мұны бұған дейін айтпауының себебін де түсіндірді.

«Омыртқама, беліме операция жасаттым». Назарбаев халықтан кешірім сұрады

Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Штрихи к портрету. Откровения» деректі фильмінің бесінші бөлімін жариялады .

«Қазір бұрын ешқайда айтпаған дүниені айтайын. Мен омыртқама, беліме ота жасаттым, өте күрделі ота. 8 наурызда (2011 жылғы - ескерт.) концертте отырғанбыз. Концерт бітті, орнымнан тұрдым. Бітті, аяғымды баса алмаймын. Бірдеңе болды. Күзет офицерін шақырдым да, "қасыма тұр" дедім. Адамдар байқамауы үшін оның қолынан таяқ ұстағандай ұстап алып жүрдім. Зал лық толы. Міне, осылай болды», - деді Елбасы.

Елбасы мұны бұған дейін айтпауының себебін де түсіндірді.

«Тағы бір күрделі операция жасалды, білікті хирург екен. Бәрін ойдағыдай жасады. Мен бұл туралы ешқашан айтпағанмын, сол үшін де кешірім сұраймын. Жұмыс істеу керек кезде мұны қалай айтасың. Кетуге дайын емес едім, себебі орнымды басатын адамға қатысты мәселе де шешілген жоқ еді.  Міне, қазір екі жылдан асты, бұл шешіміме өкінбеймін», – деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom