Тоқаев. Түркіменбашы. Ахалтеке

Жаңалықтар
25.10.2021, 09:58

Қазақстан Президенті Ахалтеке жылқысына арналған кешенге барды

Тоқаев. Түркіменбашы. Ахалтеке

Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді.

Мемлекет басшысына Түрікменстан Президентінің арғымақ аттары көрсетілді. Іс-шара барысында құрметті қонақтар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады.

Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты.

Сұхбат

PhotoRoom