Тоқаев ауған әйел судьялары мен парламентшілеріне транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады

Саясат
26.10.2021, 16:00

Транзиттік дәліз Алматы әуежайы арқылы жүзеге асырылады

Тоқаев ауған әйел судьялары мен парламентшілеріне транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады

Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады.

Транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы қаласының әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

«Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға  халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық «хабын» ұйымдасыруды ұсынамыз. Бұл қадам аймақтағы өткір мәселелерді шешу ісіндегі біздің Ұйымның рөлін арттыруға, сондай-ақ, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметіне үйлесімді түрде атсалысуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom