СҚО-да басқарма басшысына әріптестерінің көзінше сот үкімі шығарылды

Аймақ
27.10.2021, 09:33

Пара беруші де жазаланды

СҚО-да басқарма басшысына әріптестерінің көзінше сот үкімі шығарылды

Петропавл қалалық сотының үкімімен Қабдрахман Сақтағанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша пара сомасының 30 есе мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, оған жаза мерзімінде үйқамақта ұстау уақытын есепке алуды ескере отырып, 5 807 478 теңге айыппұл салынды.

Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқара алмайды.

Осы үкіммен Айнагүл Қарабаеваға лауазымды тұлғаға пара бергені үшін пара сомасының 20 есе түрінде жаза тағайындалды, бұл 4 000 000 теңгені құрайды.

Тергеу барысында «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесінің жетекшісі Қарабаева биыл 23 қыркүйекте жас дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету мәселесі бойынша уәкілетті және атқарушы органдар алдында мақұлдау алу үшін Сақтағановқа 200 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат бергені анықталды.

Айта кету керек, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету мақсатында сот процесін сотталушының әріптестері – облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ұжымы бақылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сұхбат

PhotoRoom