Танымал журналист Денис Кривошеев қазақ тілін меңгеру туралы шешім қабылдады

Жаңалықтар
27.10.2021, 09:39

Журналист мұндай қадам жасауға не түрткі болғанын түсіндірді

Танымал журналист Денис Кривошеев қазақ тілін меңгеру туралы шешім қабылдады

Белгілі қазақстандық журналист, экономикалық сарапшы Денис Кривошеев қазақ тілін меңгеру туралы шешім қабылдады. 

«Қазақ тілін үйренемін деп шештім. Оған қоса, адам 45 жасында тағы бірнәрсе үйрене алатынына үлгі болғым келеді. Жақында ҚазҰУ-дағы МВА-ны бітірдім. Қиын болды, бірақ қолымнан келді. Әрине, менікі Мұхтар Шаханов, Айдос Сарымның қазақшасындай болады дегенге күмәнім бар. Алайда, тұрмыстық деңгейде түсінуді, сөйлеуді бәрібір үйренемін. Мені мұндай қадамға итермелеген - бүгінгі қазақ тілінің реформасы мен оның мәртебесіне қатысты «Хабар» арнасында болған бағдарлама», - деп түсіндірді журналист.

Журналист қазақ тілін үйрететін маман болса, ақысын төлеуге дайын екенін айтты. Айтуынша, оның айналасында қазақша сөйлейтін достары да бар екен.

«Барын салатын оқытушы керек. Өйткені, менің өзге тілді үйренуге деген қабілетім төмен. Сондай-ақ сабақ заманауи, дұрыс әдістемемен жүрсе деймін. Маған кәсіби маман жолықса дұрыс болар еді», - деді журналист.

Сұхбат

PhotoRoom