Пенжімде өртенген үйдің жаппай төбелеске қатысы жоқ - ПД

Аймақ
28.10.2021, 12:18

Алматы облысында жаппай төбелес салдарынан бір оқушы зардап шекті

Пенжімде өртенген үйдің жаппай төбелеске қатысы жоқ - ПД

Алматы облысының Полиция департаменті 27 қазан күні сағат 20:00-де 102 пультіне Пенжім кентінде мектеп оқушылары арасындағы төбелеске қатысушылардың бірінің үйінің жанында 30-ға жуық адам жиналғаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды. Адамдар тобы бірқатар жеке үйлердің әйнегін, сондай-ақ бірнеше автокөлікті зақымдаған. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (адамдар тобымен жасалған бұзақылық).

Сондай-ақ сағат 22:45-те Панфилов АПБ кезекші бөліміне Пенжім кентіндегі жаңа салынған үйлер орналасқан жердегі үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына аудандық полиция бөлімі мен ТЖБ кезекші нарядтары келді.

Үй иесінің айтуынша, өрт пеш жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан болған. Сағат 23:30 шамасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің болған оқиғаға еш қатысы жоқ.

«Кентте қоғамдық тәртіп қамтамасыз етіліп, жағдай бақылауға алынды. Алматы облысының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы облысында жаппай төбелес салдарынан бір оқушы зардап шекті.

Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында болған жаппай төбелестен бір жасөспірім ауруханаға түсті.

27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасы Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жастағы жасөспірім дене жарақатымен келіп түскен. Тексеру барысында 9 және 10-сыныпта оқитын екі оқушының арасында жанжал туып, оның соңы оқушылар арасындағы жаппай төбелеске ұласқан. Төбелес салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды.

Сұхбат

PhotoRoom