21,9 тонна құрма өнімі Өзбекстан мен Қырғызстанға қайтарылды - АШМ

Рейтинг
03.11.2021, 10:21

Карантинге жатқызылған импорттық өнімді тасығандарға 393 миллион теңге айыппұл салынды

21,9 тонна құрма өнімі Өзбекстан мен Қырғызстанға қайтарылды - АШМ

Өткен аптада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде 1 мың тоннаға жуық карантинге жатқызылған импорттық өнімді анықтады.

Карантинге жатқызылған өнім Ресей, Беларусь, Финляндия, Өзбекстан, Қырғызстан, Нидерланды және Оңтүстік Кореядан әкелінді.

22-29 қазан аралығында агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 82 фактісінің жолын кесті.

Нидерландыдан Нұр-сұлтан қаласына 1,2 тонна қызанақты импорттау кезінде ҚР үшін карантиндік объектілер «Қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы» (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) және «Пепино мозаика вирусы» (Pepino mosaic virus) анықталды.

Сонымен қатар, Қырғызстан мен Өзбекстаннан Жамбыл және Маңғыстау облыстарына 21,9 тонна құрма өнімін импорттау кезінде «Комсток сымыры» (Pseudococcus comstoki) карантиндік объектісі анықталды.

Өсімдіктер карантині саласындағы аталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік материалдар құрастырылып, сотқа жолданды.

21,9 тонна құрма өнімі Өзбекстан мен Қырғызстанға қайтарылды.

Ресейден жалпы көлемі 768 тонна картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ, бұрыш, мақсары, бидай, жаңғақтар, кептірілген жемістер, апельсин, алма және банан, Қырғызстаннан 22 тонна жемшөп эспарцеті, Өзбекстаннан 0,01 тонна хурма, Кореядан 1,5 тонна жүгері ұны және Нидерландыдан 139 780 дана гүл кесінділері импорты кезінде 56 жағдайда фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды.

Ресейден 108 060 дана көшет әкелу кезінде таңбалаудың жоқтығына қатысты бір жағдай анықталды.

Ресейден жалпы салмағы 140 тонна картоп, қызанақ, апельсин, қарбыз, қара өрік, алма, ұн, астық қалдықтары, жарма, Беларусьтен 48 843 дана көшет, Финляндиядан 25 тонна жаңғақ және Қырғызстаннан 7 тоннадан астам картоп, қызанақ және жүзім импорты кезінде 20 жағдайда карантинге жатқызылған өнім қайталама тексеруге ұсынылмаған.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, 4,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жыл басынан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары өсімдіктер карантині саласында 5,3 мың бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 393 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Тегтер:
айыппұл АШМ

Сұхбат

PhotoRoom