Өзбекстан мен Тәжікстанға заңсыз газ экспорттаған шымкенттік кәсіпкерге айыппұл салынды

Аймақ
03.11.2021, 15:40

Кәсіпкерден сот контрабандалық тауардың құнын өндіріп алмақ

Өзбекстан мен Тәжікстанға заңсыз газ экспорттаған шымкенттік кәсіпкерге айыппұл салынды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері сұйытылған газ контрабандасының жолын кесті.

Тергеу 2020-2021 жылдар кезеңінде Шымкент қаласы кәсіпорындары бірінің директоры Г.Черкасова белгісіз тұлғалардан сұйытылған газды олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алғанын анықтады.

Содан кейін Г. Черкасова Өзбекстан мен Тәжікстанға 146 миллион теңгеден астам сомадағы салмағы 966 тоннадан асатын сұйытылған газды заңсыз экспорттаған.

ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы шығару кезінде ол жалған шарттар мен тауардың шығу тегі туралы құжаттарды пайдаланды.

Тергеу барысында құжаттарды қолдан жасау және жалған көрсетілген компаниялармен өзара есеп айырысудың болмағандығы расталды.

Г.Черкасоваға 4,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, азаматшадан сот контрабандалық тауардың құнын өндіріп алмақ.

Сұхбат

PhotoRoom