Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Рейтинг
06.02.2015, 11:38

Бүгін Мәжіліс бюросы Палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады.

 Халық қалаулылары назарына бағалау қызметі туралы заң жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда талқылау ұсынылады.

Палата сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялауды қарайды.

Сонымен қатар, осы күні бірқатар жаңа заң жобалары жұмысқа қабылданады. Олардың қатарында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы  сотталған адамдарды  беру, ұстап беру туралы шарттарды ратификациялау бар, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз  қызметі.

Сұхбат

PhotoRoom