Мемлекетке жарты млрд теңге көлемінде залал келтірген Павлодар тұрғыны сотталды

Аймақ
05.11.2021, 10:08

Ол 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Мемлекетке жарты млрд теңге көлемінде залал келтірген Павлодар тұрғыны сотталды

Қылмыстық қолма-қол ақшамен айналысатын фирмалар тауарларды сатпайды және қызмет көрсетпейді, бірақ қаражатты заңсыз айналымға шығару үшін жалған құжаттар жасайды.

Олар салық төлемейді, осылайша мемлекетке де, адал кәсіпкерлерге де орасан зиян келтіруде.

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде қаражатты қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру деректерінің жолын кесуде.

Осылайша, Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны О.Щипилоға қатысты қылмыстық істі аяқтады.

О.Щипило бұрын сотталған А. Колесниковпен алдын ала сөз байласу арқылы үш жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмек көрсеткен.

Заңға қайшы схемаға ол  бақылауындағы «Призма Плюс» «Конэктгрупп» және «Солмир» ЖШС 3 жалған фирмасын қатыстырған.

Осылайша мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Қылмыс жасаушы 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сұхбат

PhotoRoom