Мальтада Сыртқы істер министрлерінің отыз бірінші отырысы өтті

Рейтинг
25.12.2024, 15:27
Мальтада Сыртқы істер министрлерінің отыз бірінші отырысы өтті

Биылғы жылы Мальтаның төрағалығымен өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 31-ші отырысында қорытындыланды.

Ұйымға қатысушы 57 елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары кездесіп, ұйымның жыл бойы атқарған жұмыстарын, сан түрлі қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Отырысқа қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қаіпсіздікті сақтаудағы ұйымның рөлін күшейтуді, 50 жыл алдын қабылданған Хельсинки қағидаттары мен 14 жыл бұрын қабылданған Астана декларациясы ережесін сақтауға шақырды.

Ұйым мүшелері арасындағы экономикалық, экологиялық салалардағы ынтымақтастық аясында Сауд Арабиясы, Франциямен бірлесіп өткізілген «One Water Summit» нәтижесіне тоқтала отырып, климаттың өзгеруіне қатысты бірлесе жұмыс жасауды ұсынды.

Осы бағытта Ұйым мүшелерін Қазақстанда 2 жылдан соң өткізілетін БҰҰ Өңірлік климаттық саммитіне қатысуға шақырды.

Осы отырыс аясында Мұрат Нұртілеу Әзербайжан, Бельгия, Грузия, Люксембург, Түркия, Словакия, Финляндия Сыртқы істер министрлерімен екі жақты кездесулер өткізіп, елдер арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сыртқы саясаттағы бағыттарын талқылады.

Өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасып, ЕҚЫҰ аясындағы іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындады.

Сұхбат

PhotoRoom