Түркістан облысында 8 шаруа қожалығы кәсіпорны заңсыз субсидия иеленген

Аймақ
08.11.2021, 19:05

Олар Ресейден ірі қара малды сатып алуды және әкелуді растайтын жалған құжаттарды ұсынған

Түркістан облысында 8 шаруа қожалығы кәсіпорны заңсыз субсидия иеленген

Ауыл шаруашылығын дамытуға соңғы бес жылда мемлекеттік бюджеттен 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына мемлекеттік субсидия ретінде бөлінген бюджет қаражатын жымқыру деректері де бар.

Мәселен, Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысында 8 шаруа қожалығының басшыларына қатысты субсидияны заңсыз иелену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Шаруа қожалықтарының басшылары «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен.

Атап айтқанда, олар Ресейден ірі қара малды сатып алуды және әкелуді растайтын жалған құжаттарды ұсынған.

ҚР Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының деректеріне сәйкес, аталған заңды тұлғалар ірі қара мал сатып алуға өтінім жібермеген және оларды РФ-дан әкелу бойынша бағыттық қағаздарды алмаған.

Аталған шаруа қожалықтарына заңсыз төленген субсидиялардың жалпы сомасы 380 миллион теңгені құрады, ал несиенің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты.

Сұхбат

PhotoRoom