Венада құқық қорғау және сот органдарына арналған халықаралық сараптамалық кездесулер өтті

Рейтинг
25.12.2024, 16:39
Венада құқық қорғау және сот органдарына арналған халықаралық сараптамалық кездесулер өтті

Адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау, бұл саладағы қоғам мен мемлекеттік рөлін күшейту, адамдардың заңды мүдделері мен бостандықтарын қорғау мақсатында биыл Қазақстанда «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды.

Бұл туралы Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының, сондай-ақ БҰҰ Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысында хабарлады.

Сот өкілі елдегі құқық қорғау саласындағы негізгі жетістіктермен, пробация есебінде тұрған азаматтармен жұмыс, қылмысқа барған азаматтардың қайта құқықбұзшылыққа баруының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Одан бөлек, БҰҰ тарапынан Венада халықаралық сараптамалық кездесу ұйымдастырылып, оған Қазақстаннан Жоғарғы Соттың судьясы Абай Рахметуллин, Бас прокуратура өкілі Виталий Шабер мен Қарағанды академиясының аға оқытушысы Жанна Исетова қатысып, қылмыстың жолын кесу, қару айналымына жүргізілетін мониторинг нәтижелері мен жетістіктерінен хабардар ете отырып, осы салада Ұйым аясындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Жалпы, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Пәкістандағы атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі сараптамалық кездесуде құқық қорғау және сот органдары қызметкерлері арасында білімдерін жетілдіре отырып тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.

Сұхбат

PhotoRoom