Қазақстанда 26 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы салынды

Әлеумет
23.11.2021, 12:03

8,6 мың адам – жүкті және бала емізетін әйелдер

Қазақстанда 26 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы салынды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда Pfizer вакцинасы қанша адамға салынғанын атап өтті.

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келген. Министрдің айтуынша, вакцина апта сайын жеткізіледі.

Бүгінде вакцина алатын топтағы 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер, - деді министр Үкімет отырысында.

Бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8,7 миллионға жуық адам алса, екінші компоненті 7,9 миллионнан астам адамға салынған. Жалпы, екінші дозасын салдырған халық саны - 42,2%.

10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Pfizer – Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат еткен. Вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕуроОдақ елдерінде қолданылады.

Сатып алынған Pfizer вакцинасымен жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді, емізулі сәбилері бар әйелдерді егуге болатыны қарастырылған.

16 қарашада Премьер-министр Асқар Мамин Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару ұсынысын қолдады.

Сұхбат

PhotoRoom