Энергетика вице-министрі ауысты

Жаңалықтар
13.12.2021, 10:28

Қайрат Рахымов қызметінен босатылып, орнына Жандос Нұрмағанбетов тағайындалды

Энергетика вице-министрі ауысты
Жандос Нұрмағанбетов, фото: primeminister.kz

Үкіметінің қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.

Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін бітірген. 

2007-2015 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болды.

2015 жылдан 2020 жылға дейін — Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Үкімет қаулысымен Энергетика вице-министрі лауазымына Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов тағайындалады.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП Университеті» АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2010 жылдары — «Қызылорда ТЭК» АҚ бас директоры.

2011-2013 жылдары – «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап қазірге дейін «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Сұхбат

PhotoRoom