«AMANAT» партиясының  жанынан құрылған «TALQYLAU» пікірталас алаңында қалың көпшілікпен кері байланыс орнатылды.

Аймақ
29.03.2022, 17:12
«AMANAT» партиясының  жанынан құрылған «TALQYLAU» пікірталас алаңында қалың көпшілікпен кері байланыс орнатылды.

 Бүгін «AMANAT» партиясының  жанынан құрылған «TALQYLAU» пікірталас алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылған мәселелер көтеріліп, оны іске асыру жолдары қарастырылып, қалың көпшілікпен кері байланыс орнатылды. Пікірталас алаңының алғашқы жұмысына партия басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар қауымдастығы мен қоғам қайраткерлері қатысты.

▫️ "AMANAT" партиясы оң өзгерістерге толы өз жұмысында жүйелі жаңғыртуларды жалғастыруда. Партия алғашқы құрылған күннен тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Әрі партия елмен етене араласып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым ретінде абыройға ие. 

▫️Атқарушы хатшы Асхат Ораловтың бастамасымен ашылған «TALQYLAU» пікірталас алаңы бір айдың ішінде жүзеге асырылып отырғаны нақты жұмыстардың нәтижесі дер едім.  Осылайша партия саяси диалогтың жаңа мәдениетінің стандарттарын қалыптастыруға көшті. Диалог алаңының отырысы қарапайым, жұмыс және іскерлік жағдайда өтіп, негізгі уақыты пікірталас пен пікір алмасуға бөлінді. 

▫️Сондай-ақ, келесі отырыстар әртүрлі форматта болатынын атап өткен жөн. Талқылау мен келесі отырыстардың тақырыбы Қоғамдық саясат институтының телеграм-арнасында дауыс беру қорытындысы бойынша қалыптастырылады. Бұл партия жұмысын одан әрі жетілдіруге зор мүмкіндік болары сөзсіз. 

"AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева

Сұхбат

PhotoRoom