Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Рейтинг
27.12.2024, 19:20
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшағының апатына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтты.

Қазақстан Президенті ұшақ апатын жан-жақты және объективті зерттеу бойынша бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ильхам Алиев іздестіру-құтқару, зардап шеккендерге жедел қолдау көрсеткендері үшін Қазақстан халқына алғысын айтты.

Бұған дейін Қазақстанның Үкімет басшысы Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан Елшілігіне барып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, көңіл айту кітабына қаза тапқандардың отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Әзірбайжан халқына сабыр мен төзімділік тіледі.

Сондай-ақ, Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадов Бакудегі Қазақстан Елшілігіне барып, көңіл айту кітабында Әзербайжан үшін ауыр сәтте жедел қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқан Қазақстан халқына алғысын білдірді.

Бұл жағдай Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы бауырлас елдер екенін іс жүзінде дәлелдеді дейді тараптар.

Сұхбат

PhotoRoom