Биылғы жылдың 10 айында тауар айналымы 41,2 млрд долларды, оның ішінде экспорт – 32,6 млрд долларды, ал импорт – 8,6 млрд долларды құраған. 2005 жылдан бері еліміздің экономикасына құйылған еуропалық инвестицияның көлемі 180 млрд долларды құрайды.
Дегенімен көлік, логистика, жасыл энергия, климат бағыттарында ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкичпен кездесуінде айтылды.
Тараптар биылғы жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, инвестиция көлемінің артқанын, түрлі салалардағы әріптестіктен жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарларды талқылады.
Роман Василенко мен Алешка Симкич пайдалы қазбалар саласындағы стратегиялық әріптестік туралы Жол картасына қол қою қажеттілігін атап өтті. Бизнес пен азаматтар арасындағы байланысты нығайту мақсатында визасыз режимді жеңілдетуге қатысты келіссөздерді бастау қажеттігі айтылды.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жолдарын да талқылады.
Айта кету керек, қараша айында Роман Василенко өз миссиясының аяқталуына орай елге сапармен келген Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Терхи Хакаланы қабылдап, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, сонымен қатар климаттың өзгеруімен күрес, білім, ғылым, су мәселелерін шешу, өңірлік қарым-қатынастарды ілгерілету бойынша бірлесе атақарылған жұмыстар мен жоспарларды талқылаған болатын.
Екіжақты ынтымақтастықты дамыту Алматы мен Шолпан-Атада Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ басшыларының кездесуін, сонымен қатар былтыр Люксембургте өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу барысын ерекше атап өтті.
Сұхбат соңында Роман Василенко Астана мен Брюссель арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Елші Терхи Хакалаға Мемлекет басшысының алғыс хатын және «Барыс» төсбелгісін табыстады.
Қоштасу сапары барысында Елші Терхи Хакала Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан бойынша серіктестермен, мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділерімен кездесті.
Айта кету керек, 2021 жылдан бастап Елші екі рет тағайындалып, білім беру, адам құқықтарын қорғау, қауіпсіздік, энергетика, климаттың өзгеруі, әйелдер құқықтары, заң үстемдігі мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтіп, бұл бағыттағы мәселелерді шешуді жиі көтерген.