БИЫЛ 800-ДЕН АСА ЖАС ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Жаңалықтар
30.03.2022, 17:58
БИЫЛ 800-ДЕН АСА ЖАС ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл Шымкентте жалпы 1605 сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру жоспарлануда. Бұл туралы басқарма басшысы Ғ.Утенбаев мәслихаттың кезекті сессиясында баяндады.

Оның ішінде Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз ету мақсатында биыл 857 пәтер беріледі. Бұл бойынша конкурс өткізу мерзімі алдағы уақытта БАҚ арқылы және әлеуметтік желілер арқылы алдын ала хабарландыру жарияланатын болады.

2022 жылы кредиттік тұрғын үй бағыттары бойынша (5-20-25 және 7-20-25) 2 096 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарланды.

Сонымен қатар, осы жылы «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласына 260 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге лимит бөлінуі күтілуде.

2022 жылы кезекте тіркелген 1,2 топ мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу мәселесі қарастырылуда.

60 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алдағы уақытта, ЖСҚ-лары әзірленіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданады.
 

Сұхбат

PhotoRoom