«TAZA SESSIYA» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
31.03.2022, 16:54
«TAZA SESSIYA» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 29-30 наурыз аралығында Шымкент қаласының ЖОО-да сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау бойынша «TAZA SESSIYA» акциясы өтті.

«Taza sessiya» акциясы студенттер арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттауды көздейді. Негізгі мақсаты – емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу. 

Осы мақсаттағы шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Аталған шара барысында қаламыздағы 7 ЖОО-ның: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Орталық Азия инновациялық университеті, Мирас университеті, Шымкент университетінің 2100 студенттері сауалнама парақшаларын толтырды. Сауалнама анонимді форматта жүргізілді.

Комиссия құрамында Республикалық «Jas Otan» ЖҚ-ның арнайы өкілі, өңірлік «Адалдық алаңының» менеджері, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Мұрат Жолдыхожаев, олимпиада чемпионы Жазира Жаппарқұл, қоғам белсендісі Олжас Мамыр және қалалық болды. «Jas Otan» ЖҚ-ның мүшелері болды.

Еске сала кетейік, «Taza Sessiya» акциясын өткізудің соңғы қорытындысы бойынша 64 ЖОО және 20 710 студент қамтылды, сауалнама қорытындысы бойынша ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі 12,5% құрады.

Анонимді сауалнамаға республикамыз бойынша 60-тан астам ЖОО мен 30 мыңға жуық студент қатысады.

Жемқорлықпен бірге күресіп, отандық білім сапасын көтерейік!

Сұхбат

PhotoRoom