ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Жаңалықтар
04.04.2022, 15:19
ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Азаматтардың өтініштерін жедел және тиімді қарау мақсатында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі 1000-нан астам қызметкері бар «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкешілігі шектеулі серіктестігінде өз жұмысын бастады. 

«Су ресурстары -Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласының экономикасын өркендетудегі, өндіріс саласындағы жақсы жетістіктерді , бағалы бастамаларды, тағылымды тәжірибелерді,
индустриалды - инновациялық бағыттағы барлық технологияларды қолдап, оларды жүзеге асырудағы және де Халықаралық стандарттарға сай қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі жоғары сапа көрсеткішін көрсетіп келеді.

Бұл аталған серіктестік арқылы жұмысшылар жұмыстан қол үзбей, өздерінің өзекті мәселелерін қалалық мәслихат депутаттарына, және жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне көкейтесті сұрақтарын қойып, және оларға нақты жауаптар ала алады.

Серіктестік жұмысшыларының жұмысы сумен жабдықтау және су бұру бойынша ең ірі қазақстандық оператор болғандықтан жаңа құрылыс мекен-жайларына ауыз су жүйесін жүргізу, техникалық құжаттарды рәсімдеу, су жүйесіндегі ақауларды, шығынды азайту бойынша және суға төлемақы мәселері бойынша ұсыныстарын білдірді және барлық азаматтарға тиісті түсініктемелер берілді. 
Айта кетейік, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі алдағы уақытта да қабылдауларды жүйелі түрде жүргізетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom