ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
04.04.2022, 15:23
ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.

Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы ашып, жүргізіп отырды.

Айта кетейік, Шымкент қалалық партия филиалының Саяси кеңесі шешіміне сәйкес «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы болып Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы сайланған болатын.

Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелер:
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңеснің төрағасын таныстыру;
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің мүшелерін таныстыру;
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің медиа жоспарын талқылау және бекіту;
Жас отбасылардың баспана тапшылығы мәселелерін қарау және шешу жолдары.

Жиын барысында Шымкент қаласының тұрғын үй басқарма басшысы Утенбаев Ғалымжан Әмірбекұлы жастарға берілетін тұрғын үй бойынша баяндама жасап, кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылды.

Сұхбат

PhotoRoom