Биыл Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы мектеп заманауи стандарттарға сәйкес жаңғыртылды. 30 желтоқсанда Жаңа жылдың қарсаңында мектепте ашық есік күні өтті.
Бұл тірек мектеп – «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектебінің әлеуетін арттыру» жобасының қатысушысы.
Жобаның мақсаты - ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы теңсіздікті жоюға жәрдемдесу.
Бозанбай орта мектебінде – 33 кабинет жаңғыртылды, биыл 281 оқушы оқиды. Мектепте мектепалды даярлық сыныптарынан бастап, бастауыш, орта және жоғары сыныптар үшін арнайы жабдықталған физика, химия, биология, информатика кабинеттері, қыздар мен ұлдарға арналған технология кабинеттері, сонымен қатар робототехника, ART-студия, STEM-зертхана және телестудия кабинеттері ашылды.
Биылғы жылы жоба аясында мектептің материалдық базасы Қазақстан халқына қорынан бөлінген 250 млн теңге қаражатқа жаңартылса, жергілікті бюджеттен 271 млн теңгеге мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
Ашық есік күніне қатысқан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев
- «Шығыс Қазақстан облысы білім сапасы жағынан елімізде алдыңғы қатарда екендігі барлығымызғы мәлім. Сондықтан осы үрдісті сақтап, ары қарай жалғастыруымыз керек. Бұл ретте осындай тірек мектептердің атқарар рөлі өте зор. Қазіргі уақытта облысымызда тірек мектептердің саны 8- ге жетті. Келесі жылы тағы да 4 тірек мектебін іске қоссақ деген жоспарымыз бар»,- деп атап өтті.
Материалдық-техникалық жабдықтаудан бөлек, мектептің педагогикалық ұжымына оқыту бағдарламалары мен әдістемелік қолдау көрсетіледі. Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесе отырып, тірек мектептеріндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жасалады. Бұл әдістемелік қолдау алдағы 3 жыл бойы жалғасады.
Айта кетейік, биыл Қазақстанның 56 ауыл мектебі тірек мектептер желісіне қосылды. «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы 2022 жылы басталды. Оның мақсаты — ауыл және қала мектептері арасындағы білім теңсіздігін жою. «Қазақстан халқына» қоры мен AITAS холдингі демеушілік ететін жобаның операторы — Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры. Ал жобаның академиялық бөліміне жауапты бас серіктес — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
В преддверии Нового года презентовали обновленную школу в Уланском районе Восточно-Казахстаноской области
В этом году школа в селе Бозанбай Уланского района Восточно Казахстанской области была модернизирована в соответствии с современными стандартами. 30 декабря, накануне Нового года, в учебном заведении состоялся День открытых дверей.
Эта школа является участником проекта «Развитие потенциала опорных школ в сельской местности», реализуемого Фондом «Қазақстан халқына», холдингом AITAS, АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» и Фондом устойчивого развития образования.
Цель проекта — устранение неравенства в качестве образования между сельскими и городскими школами.
В Бозанбайской средней школе обновлено 33 учебных кабинетов, в которых обучаются 281 детей. Здесь созданы кабинеты физики, химии, биологии, информатики, а также специализированные кабинеты для начальных, средних и старших классов. Кроме того, в школе оборудованы кабинеты технологии для девочек и мальчиков, кабинеты робототехники, ART-студия, STEM-лаборатория и телестудия.
В этом году в школе обновлена материально-техническая база на 250 млн тенге выделенные с фонда Қазақстан халқына, а так же нужно отметить что в школе проведен капитальный ремонт на 271 млн тенге за счет местного бюджета.
«Нам всем известно, что Восточно-Казахстанская область находится на лидирующих позициях в сфере образования в стране. Поэтому, очень важно сохранить эту тенденцию и продолжить ее. Нужно отметить, что в этой работе роль таких опорных школ очень важна. В настоящее время количество опорных школ в нашем регионе достигло 8-ми. В следующем году мы планируем запустить еще 4 опорных школ» - отметил в своем выступлении заместитель акима Восточно-Казахстанской области Ербол Нургалиев.
Помимо обновления инфраструктуры, школе предоставляется учебные программы и методическая поддержка. Совместно с Назарбаев Интеллектуальными школами проводится масштабная работа по повышению квалификации педагогов опорных школ. Эта поддержка будет продолжаться на протяжении следующих трех лет.
Напомним, в 2024 году 56 сельских школ Казахстана стали частью сети опорных школ. Проект «Развитие потенциала опорных школ в сельской местности» стартовал в 2022 году и направлен на сокращение разрыва в уровне образования между сельскими и городскими учебными заведениями. Оператором проекта выступает Фонд устойчивого развития образования, а его спонсорами являются Фонд «Қазақстан халқына» и холдинг AITAS. Генеральным партнером, отвечающим за академическую часть, является АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы».