Жайна Сламбек "Хабар" арнасының директоры болды

Аймақ
05.04.2022, 15:18
Жайна Сламбек "Хабар" арнасының директоры болды

Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған.

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған.

2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдың тамызынан Qazaqstan ұлттық телеарнасында Apta бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болды.

Жайна Сламбекқызы – Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж).

Сұхбат

PhotoRoom