ШҚО әкімі қызметкерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Рейтинг
01.01.2025, 14:09
ШҚО әкімі қызметкерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мерекелік уақытта жұмыс істейтін мекемелерді аралады.

Осылайша, аймақ басшысы Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау полиция бөлімінде, ШҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандандырылған жасағында, облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасында болды.

Мереке қарсаңында өңірде 25 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде. ШҚО ТЖД барлық гарнизоны күшейтілген режимге көшті. 300-ден астам адам тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жатыр. Сондай-ақ облыс орталығында 300-ден астам полиция қызметкері халық тыныштығын күзетуде. 

Полиция мен ТЖД қызметкерлерін әйелдері мен балалары бірінші болып құттықтады. Бұл азаматтарға мереке қарсаңында зор жауапкершілік жүктелген. Жұртшылық Жаңа жылды отбасында немесе көшеде қарсы алады. Ал оқыс оқиға болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін қызметкерлер бірден көмекке келеді. 

Олардың басты міндеті – адам өмірін сақтап қалу, қаладағы тыныштық пен тәртіпті қадағалау. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысының әкімі олардың жұмысына баса назар аударып, түнгі кезекшілікке шыққан қызметкерлерге қолдау көрсетті.

Сұхбат

PhotoRoom