2022 ЖЫЛЫ 8 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Жаңалықтар
05.04.2022, 15:27
2022 ЖЫЛЫ 8 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 42-і табиғи газбен толық, 31-і жартылай қамтамасыз етілсе, 8 елді мекен қамтылмаған. 2021 жылы газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетті. 2022 жылы бұл көрсеткішті 94,7 пайызға ұлғайту жоспарлануда.

Қала әкімі бүгін Абай ауданы тұрғындарымен кездесуде осы бағыттағы жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.

Атап айтқанда, өткен жылы 8 жобаның құрылысы аяқталған болатын. Биыл 2 магистралды жүйенің, 8 елді мекенде (Тұран, Көкбұлақ, Ақтас 1,2, Батыс, Ақжар, Арғымақ, Нұртас) құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

2023 жылы 8, 2024 жылы 12 елді мекен табиғи газбен толық қамтылып, 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom