ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жаңалықтар
08.04.2022, 13:14
ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жаңа Қазақстанды құрудың негізі ретінде саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету – партияның бүгінгі таңдағы аса маңызды миссиясы. «AMANAT» партиясының модернизациясы бойынша бүгінгі таңда жүйелі әрі нақты жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда Атқарушы хатшы Асхат Раздықұлы партияны трансформациялау мәселелерін талқылау мақсатында Шымкент қаласының фракция мүшелері, қоғамдық кеңес төрағалары, партия ардагерлері және бастауыш партия ұйымы төрағаларымен кездесті.

Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізі екені баршамызға аян. Партияның Шымкент қалалық филиалында 51 бастауыш партия ұйымы бар. Бүгінгі таңда партия құрамын күшейту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Яғни БПҰ-ның жұмыстарын жандандырып, моденизациялау бойынша жоспарлы тапсырмалар іске асырылуда.

Кездесудің жалғасы ретінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының жетекшілігімен өткен актив отырсында фракция жұмысынан бастап, жастар мәселесіне дейінгі өзекті тақырыптар талқыланды. Партияластар тарапынан ұсыныстар айтылып, жүзеге асыру жолдары қарастырылды.

"AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева

Сұхбат

PhotoRoom