ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жаңалықтар
08.04.2022, 14:31
ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте көшедегі ойық-шұңқыр жерлер қалпына келтіріліп, қала көшелерінде жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қала әкімі жұмыс барысын тексеріп, жөндеу жұмыстарын жіті қадағалануын және сапалы орындалуын тапсырды.

Қазіргі таңда бірнеше көшеде жоспарға сай, қыстан кейінгі жол құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде маңызды деген Қонаев, №1 автожол (Тауке хан даңғылы жалғасы), Назарбаев, Бәйдібек би, Төлеметов, А-2 айналма жолдарындағы ойық-шұңқыр жерлер қалпына келтірілді. Тауке хан, Дулати, Қазыбек би, Сайрам, Жібек жолы, Гагарин магистралды көшелерінде ағымдық жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Қаладағы жол жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп, 15 мамырға дейін қаладағы магистральді көшелер бойынша барлық ойық-шұңқырлар ретке келтіріледі деп жоспарланып отыр. Алдағы уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін жоғары деңгейге дейін жеткізу мақсатында ауқымды жұмыстар жоспарланған.

Айта кетейік, қаланың барлық көшелеріндегі шұңқырларды жамау жұмыстары кесте бойынша атқарылуда. Бірінші кезекте шұңқырларды жамау жұмыстары көлік ағыны көп магистралды көшелерінен бастау алып, одан әрі ішкі орам көшелерінде жүргізіледі.

Сұхбат

PhotoRoom