Азаматтар ерікті түрде 125 қару тапсырды

Аймақ
20.04.2022, 15:01
Азаматтар ерікті түрде 125 қару тапсырды

Бұған дейін Бас прокуратура өкілдерімен бірлесіп, «қаңтар оқиғаларында» ұрланған қару халықтың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретіні туралы бірнеше рет хабарланған болатын, өйткені бұл қарулар ауыр қылмыс жасаған кезде қолданылуы мүмкін.
Осыған байланысты қаруды өз еркімен тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілді. Нәтижесінде, азаматтар ерікті түрде 125 қару тапсырды.

Ұрланған ғана емес, заңсыз сақталған, сондай-ақ тіркелмеген қарудың барлық түрлерін табу және тәркілеу жөніндегі жедел іс-шаралар белсенді түрде жалғасуда.

Сұхбат

PhotoRoom