ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жаңалықтар
25.04.2022, 12:35
ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Мәслихат депутаты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Керімбаева Наргиза Абайдуллақызы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында тыл ардагері Кравченко Мария Александровнаға және «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетті. 

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы – егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге, тыл еңбеккерлеріне, қарт адамдарға деген құрметті қалыптастыру мен нығайтуға негізделген.

▫️Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасап, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қамтамасыз ету және жұмыспен қамту үшін «Кедергісіз келешек» жобасы нәтижелі жұмыс көрсетіп келеді.

#AMANAT

Сұхбат

PhotoRoom