АДАЛДЫҚ—АРДЫҢ ІСІ,  АМАНАТ—ПАРТИЯ КҮШІ.

Жаңалықтар
27.04.2022, 14:52
АДАЛДЫҚ—АРДЫҢ ІСІ,  АМАНАТ—ПАРТИЯ КҮШІ.

Міне, кешегі өткен "AMANAT" партиясының кезектен тыс ХXlll съезі ел тарихында ойып тұрып орын алар елеулі күн деп есептеймін. Халықтың "Жаңа Қазақстан  дегеніміз не?" деген сұрақтың шешімі табылғандай. Атап айтар болсам, Мемлекет басшысының партия құрамынан шығу мәлімдемесі —Жаңа Қазақстан құрудағы нақты қадамдардың жүзеге асырылып жатқандағының куәсі деп білеміз. Сонымен қатар президентіміз Қасым—Жомарт Кемелұлының Құрылтайда ұстамды әрі ұтымды ұсынысы— "AMANAT" партиясына Төраға болып Ерлан Жақанұлы Қошановты сайлау туралы ұсынысының бірауыздан қолдау табуы болып табылады. Менің ойымша, осындай сын сағатта Жауапкершілік пен Сенімге қанат бітіретін  Ерлан Жақанұлы саяси ұйымның жетекшісі ретінде де қоғамдық өзгерістер мен саяси реформалардың жүзеге асуына ықпал ететіне кәміл сенеміз. 
Адалдық—ардың ісі, 
Аманат—партия күші, дей отырып Құрылтайдағы тағы да маңызды оқиғамен бөліскем келеді. Әрине, ол—бірнеше кезеңдерді басынан өткерген "AMANAT" партиясына "ADAL" партиясына қосылу шешімінің жүзеге асырылуы болды.  Екі партияның бірігуі —біртұтас болып басқа саяси партиялардың бәскелестік алаңында көшбасшы екенін көрсетуінде ол уақыттың еншісінде. 
Партия мәртебесінің көтерілуі мен ілгерлеуі Төраға Ерлан Жақанұлы мен Атқарушы хатшымыз Асхат Раздықұлы сонымен қатар партияластарымыздың арқалар жүгі болып табылады. Біз аманат жүгін арқалай отырып, партия саяси реформаларға жаңа серпін алып, халқымыздың игілігі үшін "AMANAT"партиясы қызмет жасайтын боламыз.
#AMANAT

Сұхбат

PhotoRoom