ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Рейтинг
30.01.2025, 19:55
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Бірлігі жарасқан еліміз өзінің тағы да бір асқаралы кезеңі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына үлкен табыстармен келіп отыр. Бұл турасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевҚазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз, - деп атап көрсеткен болатын.
Осы салтанатты 30 жылдық мерейтой аясында республикамызда саналуан танымдық, ғылыми басқосулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер сияқты ғылыми талдамалар жасау, ел дамуындағы Ассамблеяның орны мен атқарған қызметі туралы пікір алмасу алаңдары көптеп өткізіліп жатыр. Сондай айтулы іс-шараның бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 30 қаңтар күні болып өткен «Ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық негізгі құндылығымыз» атты,          ұлтаралық татулықты нығайту жолдарының ғылыми-теориялық негіздерін көпшіліктік сипатта дәлелдеу; Қазақстан қоғамында этностар арасындағы бейбітшілік пен өзара құрметті насихаттаудың теориялары мен әдістемелерін жасау; әртүрлі этнос өкілдері арасындағы келісімді сақтау және дамыту жолдарын талқылау; этнопсихология ғылымдарының жаңалықтарымен бөлісу; этнос өкілдері арасындағы байланысты дамытудағы мемлекеттік тілдің маңызы мен ролін ашып көрсету; ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсету үшін Қазақстанның көпұлтты қоғамында ынтымақтастықтың негізгі құндылық ретіндегі рөлін айқындау; бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы әр этностың үлесін атап өту; Ассамблеядағы жастардың рөлін анықтау мақсатында азаматтар арасындағы толеранттылық, достық және өзара түсіністік құндылықтарын ілгерілетудің әдістемелік негізі мен жолдарын анықтау; болашақ ұрпаққа этносаралық келісімнің маңызды екенін түсіндіру жолдары мен формаларын негіздеу сияқты келелі мақсаттарды алдына қойған дөңгелек үстел. Оның жұмысына 2 ғылым докторлары, профессорлар, 10-ға жуық ғылым кандидаттары, 6 магистр, Шымкент қалалық 2 этномәдени бірлестіктер төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы, ҚР мәдениет қайраткері және 30-ға жуық студент жастар қатысты.
Талдамалық ғылыми деңгейі жағынан атқарған қызметі жоғарғы жоғары дәрежеде орындаған конференцияны ҚХА кафедраларының республикалық «Шаңырақ» қауымдастығының төрайымы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдардың докторыКалашникова Наталья Павловна ZOOM жүйесі арқылы құттықтап, М.Әуезов университетінің қызметіне өте жоғары баға бере келе, қауымдастық атынан шынайы ризашылығын білдірді.
Ия, шындығына келер болсақ, оқу орнымыз Ассамблеяның идеялары мен бағдарламаларын қолдай отырып, білім алушылар арасында достық, толеранттылық және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді.Қазіргі таңда университеттетүрлі этнос өкілдерін 400-дей профессор-оқытушылар мен 2000-ға жуық білім алушылар құрайды. Осындай үлкен білім ордасының көпэтностылығы жағдайына ұйымдастырушылық қызмет көрсету үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының «Шаңырақ» атты республикалық қоғамдық қауымдастығына мүшелікке енген арнайы «Тұлға дамыту және ҚХА» орталығы жұмыс жасауда. 
Ұстаздан шәкірт озады дегендей, оқу ордамыздың осынау тамаша дәстүрін бойына сіңірген этнос өкілдері жастарымыз дипломдарын қолдарына алғаннан кейін кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде өз орындарын тауып, халыққа қалтқысыз қызметтерін жасап жүр. Солардың арасында бірегейлері ­- Сенат депутаты, тарих мамандығының түлегі Сатвалдиев Әлішер Гапиржанович, 8-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты Рожин Максим Николаевичті айта кетуіміз қажет. 
Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің нышанына айналған ел. Өйткені, басты байлығымыз – мультимәдениетті елдің ішкі татулығы мен бірлігі. Әртүрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында өзара түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас құруы – қоғамның басты құндылығы.Әрқайсымыздың мақсатымыз – осы құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізу, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау болса, өткізілген дөңгелек үстелдің барысында оған қатысушылар осы маңызды ойды өз санасына түйіп алғандығы сөзсіз.
 
Г. Жанысбекова,
тарих ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Тұлға дамыту және ҚХА» орталығының басшысы

Сұхбат

PhotoRoom