ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БРУЦЕЛЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Рейтинг
21.02.2025, 18:53
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БРУЦЕЛЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласында бруцеллез (сарып) ауруының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты бақылауда. 2024 жылы 21 жағдай тіркеліп, өткен жылмен (2023 жылы – 17 жағдай) салыстырғанда 19%-ға жоғарылағаны анықталды. Балалар мен жасөспірімдер арасында да аурушаңдықтың белгілі бір деңгейде өсуі байқалады. Алайда, бұл дерттің алдын алу шаралары тиімді жүзеге асырылып, халық арасында ақпараттандыру жұмыстары күшейтілуде. Азаматтар жеке сақтық шараларын сақтап, мал өнімдерін дұрыс пайдаланса, бруцеллезден толық қорғана алады. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Айгүл Тұрымбетова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында баяндады.
Бруцеллез – ауыл шаруашылығы жануарлары мен адамдарға ортақ инфекциялық ауру. Бұл аурудың таралуына жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтау маңызды. Уақытылы ветеринариялық бақылау жүргізу, мал өнімдерін дұрыс өңдеу және жеке гигиенаны сақтау арқылы бруцеллезді болдырмауға болады.
Көктемгі кезеңде мал төлдеп, инфекция таралу қаупі жоғарылайды. Осыған байланысты санитарлық талаптарды сақтау, мал шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтардың арнайы қорғаныш құралдарын қолдануы, сондай-ақ тұрғындардың тек термиялық өңделген мал өнімдерін тұтынуы ұсынылады.

Бруцеллездің таралу жолдары:
Тікелей байланыс яғни, ауру малды күту, сою немесе етін өңдеу кезінде инфекцияның жарақат арқылы түседі. Сондай – ақ, пастерленбеген сүт пен толық піспеген ет өнімдерін тұтыну арқылы жұғу қаупі жоғары және дезарарланған құрал-жабдықтар мен мал қораларында санитарлық талаптарды сақтамау арқылы таралуы мүмкін.
Бруцеллездің алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін 10 күннен 6 айға дейінгі аралықта пайда болуы мүмкін. 
Негізгі симптомдар:
Дене қызуының ұзақ уақыт бойы жоғарылауы;
Буын мен бұлшықеттердегі ауырсыну;
Әлсіздік, тез шаршау;
 Ас қорыту және жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуы. 
Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда, азаматтарға дереу медициналық мекемеге жүгіну ұсынылады. Ерте диагностика мен уақтылы ем қабылдау дерттің асқынуының алдын алады.
Толығырақ : https://www.youtube.com/watch?v=is4WxFX65Zc

Сұхбат

PhotoRoom