Шымкентте медициналық колледждер арасында “Үздік фельдшер” байқауы өтті. Болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара тек жарыс емес, ол студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, шұғыл және жедел медициналық көмекті сапалы көрсетуге деген қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді.
Байқауға қаладағы медициналық колледждің төртінші курс студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар фельдшер мамандығына тән әртүрлі шұғыл жағдайлардағы іс-қимылдарын көрсетіп, білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды. Олардың әрқайсысы өздерінің кәсіби даярлықтарын, шапшаңдықтарын және шешім қабылдау қабілеттерін дәлелдеуге тырысты. Байқауға қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станцияларының меңгерушілері қазылық етті.