Ұлан ауданына барған жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 1999 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 26 жыл бойы қолданылып келе жатқан №10 өрт сөндіру бөлімі ғимаратының қайта жөндеуді қажет ететінін атап өтті.
Осы уақыт аралығында ғимараттың кейбір құрылымдық және пайдалану сипаттамалары өзектілігін жоғалтқан, қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді, сондықтан қажетті жаңартуларды жүргізу қажет.
Айта кету керек, ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Облыс әкімінің айтуынша, өрт сөндіруші қызметкерлердің жұмыс және тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, ғимаратты қайта жөндеу және екінші қабаттың пайдаланылуын ескере отырып күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жеке құрам үшін заманауи талаптар мен стандарттарға сай қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.