Ташкентте өтіп жатқан Азия мен Океанияның Самбо чемпионатында Жезқазған қаласының тұрғыны, Жаңа-арқа ауданынан шыққан Ержан Қайыржанұлы Конуров өз салмағында алтын медаль жеңіп алды!
Ержан Қайыржанұлы 9 жастан бері күреске бауыр басқан, самбо, қазақша күрес, дзюдо сияқты спорт түрлерінде өз шеберлігін көрсетіп жүрген спортшы. Ол 2024 жылы самбо бойынша әлем чемпионатының финалисті болып, жоғары деңгейдегі шеберлігін дәлелдеді. 🥋
Қазіргі таңда 6505 әскери бөлімде қызмет етіп жүр, отбасылы, үш баланың әкесі. Бұл үлкен жеңіс оның еңбекқорлығының, табандылығының және жанқиярлық еңбегінің нәтижесі. 👏
Ержанға спортта жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз! 💪🌟 Еліміздің намысын әлемдік аренада қорғағаны үшін мақтанамыз!