Ішкі істер министрінің бұйрығымен подполковник Сеитов Арман Полатұлы Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды. Подполковник Арман Полатұлы взвод командирінен бастап "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасы бастығы лауазымына дейінгі барлық әскери қызметтерді өткен. Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамына таныстыру үшін Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығынан кадр және әскери білім беру басқармасының бастығы полковник Рустам Акбаров арнайы келді. Рустам Алмабекұлы бұған дейін лауазымдық міндетті атқарған полковник Атабек Салықбаевты қызметтегі жоғары кәсібилігі мен артылған сенімді ақтағаны үшін алғысын білдіріп, тағайындалған офицерлерге жаңа қызметтік орында сәттілік тіледі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі