Сенатта Кеден одағына қатысты заң қаралды

Рейтинг
10.02.2015, 16:22

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Атап айтқанда, бұл келісім 2012 жылы Мәскеуде жасалған. Құжат Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, ТМД елдері өнімдерінің Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына шығуын жеңілдетуге, өзара сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Бұдан бөлек, келісімде Кеден одағына мүше болып табылмайтын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Кеден одағының техникалық регламенттеріне қосылуының тәртібі мен шарттары айқындалады.

Келісімге сәйкес, ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекет Еуразиялық экономикалық комиссияға өнімнің белгілі бір түрлеріне қатысты өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы сұрау жіберуге құқылы. Комиссия осы сұраудың негізінде Кеден одағының техникалық регламенттерінің тізбесін белгілейді, олар сұрау салуда айқындалған өнім түрлеріне қолданылатын болады. Сондай-ақ, көрсетілген техникалық регламенттерді қолдану үшін қажетті комиссия шешімдерінің тізбесін анықтап, оларды мүдделі мемлекеттің назарына жеткізеді.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom