ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Рейтинг
13.12.2025, 17:34
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Түркістан облысында мұнай өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және заңсыз тасымалдаудың алдын алу шаралары қабылданды.

       Түркістан облысында мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

        Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Кәсіпкерлік және сауда басқармасы Қазығұрт және Сарығаш аудандарында мемлекеттік органдардың қатысуымен мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аудандық әкімдіктер мен сауда субъектілеріне жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарудың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

       Қапланбек және Қазығұрт шекара бекеттерінде жағдайды бақылау мақсатында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасы қызметкерлері жұмылдырылды. Олар мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау деректерінің жолын кесу бойынша қажетті шараларды атқаруда.

        Мониторинг барысында жанар-жағармай тасымалдайтын көліктерге арнайы тексерулер жүргізіліп, заңсыз айналымға қарсы бақылау күшейтілді.

         Кәсіпкерлік және сауда басқармасы өңірдегі мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және заңсыз тасымалдаудың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

          Жанар-жағармай материалдарының бағасын көтеруге енгізілген мораторийді ескеретін болсақ, көршілес елдермен арадағы баға диспаритеті күшейіп келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің бензин мен дизель көршілерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан Энергетика, Сауда, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен Қаржылық мониторинг агенттігі және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі отын балансына және мұнай өнімдерінің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу мәселесіне қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

        Әлемдік мұнай нарықтары қайтадан құбылмалы кезеңге тап болуы мүмкін. JPMorgan сарапшыларының болжамынша, 2027 жылға қарай Brent бағасы екі еседен астам төмендеп, барреліне 30–40 доллар деңгейіне дейін құлдырауы ықтимал. Экспорттық түсімінің жартысына жуығы мұнайдан түсетін Қазақстан үшін мұндай ауытқулар оңайға соқпайтыны анық. BAQ.KZ тілшісі еліміздің бұрынғы мұнай дағдарыстарын қалай еңсергенін және жаңа болжамның қандай қатерлері барын зерделеп көрді.

        2015 жылы әлемдік мұнай бағасы құлдырағанда, Қазақстанның экспорттық түсімі шамамен екі есе қысқарды. Теңге еркін айналымға жіберіліп, бірнеше айдың ішінде 30%-дан аса әлсіреді, инфляция 13–14% деңгейіне дейін көтерілді, ал бюджет тапшылыққа тап болды. Осындай жағдайда мемлекет бензин бағасын реттеуден бас тартып, ішкі нарықтағы баға тікелей валюта бағамына және әлемдік баға белгіленіміне тәуелді бола бастады.

          2017–2019 жылдары жағдай біртіндеп тұрақтады. Мұнайдың 60–70 доллар деңгейіне өсуі және Қашағанның іске қосылуы экономиканы қайтадан қолдады: ЖІӨ өсті, теңге біршама нығайды, Ұлттық қордың резервтері толықты.

        2020 жылғы пандемия мұнай нарығына қайта соққы берді: бағалар тіпті 20 доллардан төмен түсті. Қазақстан көптеген жыл ішінде алғаш рет рецессияға кірді, бюджетте тапшылық сезілді, теңге бағамы әлсіреді, ал мемлекет Ұлттық қордың қаражатын бұрынғыдан да белсендірек пайдалануға мәжбүр болды.

         2021–2022 жылдары мұнай бағасы 100 доллардан асып, бұрын-соңды болмаған көлемде валюта ағымын қамтамасыз етті, бірақ сонымен бірге инфляцияны шамамен 20% деңгейіне дейін жеделдетті. Қазақстан мұнай өндіретініне қарамастан, бензин бағасы өсе берді. Оған девальвация да, мұнай өнімдері нарығында еркін баға қалыптастыруға көшу де әсер етті.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom