Бүгін елордада «Қазақстан-2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясы оған мүше саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың басшылары кезектен тыс президент сайлауын өткізу бастамасын қолдап, дауыс берді.
Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, Қазақстан коммунистік халық партиясының хатшы-үйлестірушісі Жамбыл Ахметбеков, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, «Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов және тағы басқалар қатысты.
«Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық Коалициясы 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылды. коалиция аса маңызды бастамалар бойынша көпшіліктің пікірін салмақтап саралауды және бұған үкіметтік емес ұймыдар, сарапшылар мен БАҚ-ты кеңінен тарта отырып мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.
ДКЖК еліміздің ең ірі диалог алаңы бола отырып, өз аясына 6 саяси партия, 18 ірі қоғамдық бірлестік, 500-ден аса ҮЕҰ-ны біріктіреді. Яғни, жалпы жиыны 6,5 млн. азаматтың мүддесін қорғайды.