Мәжіліс бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді

Рейтинг
25.02.2015, 12:18

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп жазады Қазақпарат.

Республикалық бюджетті нақтылауға негіз болған болжамдарға сәйкес, Жалпы ішкі өнімнің өсуі 2015 жылы 1,5 пайыз деңгейінде бағаланады. Ал мұнай бағасын болжамдау деңгейі 2015-2017 жылдары барреліне 80 доллардан 50 долларға дейін, 2018-2019 жылдары барреліне 60 долларға төмендейді деп жоспарланады. Бұдан бөлек, Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт көлемі 2015 жылы 44,7 пайызға, импорт 21,8% пайызға төмендейді. Инфляция деңгейі бұдан бұрынғы 6-8% дәлізінде сақталады.

Бұдан бөлек, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында, нақтылау 686,7 млрд. теңгеге шығыстарды оңтайландыруды және 259,4 млрд. теңгеге бюджет тапшылығын ұлғайтуды көздейді.

Сонымен қатар, Ұлттық қордан нысаналы трансферт «Нұрлы Жол» бағдарламасына түзету енгізілуіне байланысты 76,0 млрд. теңгеге ұлғайтылған. Бұл ретте 2015 жылы іске асырылуы басталатын барлық жаңа жобалар мен бағдарламалар, оның ішінде іске асыру мерзімі 2016 жылға көшірілген әлеуметтік салада жаңа бастамалар, шығындылығы жоғары жалғасатын және іске асырылуы ұзақ жалғасатын жобалар, сондай-ақ іске асыру бойынша негізгі жүктемені 2016 жылға ауыстыру ұсынылған жобалар, тиімділігі төмен немесе расталмаған тиімділігі анықталған шығыстардың бағыттары мен бағдарламалары 2015 жылғы бюджеттік шығыстарды оңтайландырудың негізгі бағыттары болып табылады.

Нәтижесінде, түсімдер - 870,0 млрд. теңгеге азайта отырып, 5 988,0 млрд. теңгені құрайды. Шығыстар - бекітілген бюджетпен салыстырғанда 610,7 млрд. теңгеге төмендей отырып, 7 244,5 млрд. теңге сомасында қалыптастырылады.

Сұхбат

PhotoRoom