Назарбаева пәтерге қатысты пікір айтты

Рейтинг
02.03.2015, 15:31

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының табысты болуы пәтерге мұқтаж жандардың баспаналы болуымен айқындалады. Бүгін «Бәйтерек» ҰБХ жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева осылай мәлім етті.

«Астана мен Алматыда және тағы да бірқатар қалаларда басталатын бағдарламаның табыстылығы шаршы метрлермен немесе игерілген қаржы көлемімен емес, шын мәнінде пәтерге мұқтаж жандардың баспаналы болуымен айқындалады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйлерді салу пайызы қымбат несиелік займдарға шынайы балама болуы тиіс.

«Бәйтерек» холдингі аталған бағдарлама бойынша пәтерлерді салуда және сатуда, сонымен қатар үміткерлерді іріктеуге қатысты мәселелердің заңды әрі әділ болуына айрықша назар аударуы тиіс», - деді Д.Назарбаева.

Айта кетерлігі, алдағы бес жылда елімізде 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй, яғни 29 мың әлеуметтік жалға берілетін пәтер салу жоспарланған. Ағымдағы жылдың өзінде ғана 487 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу көзделген.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom