Сайлаудың үш негізгі үрдісі - сарапшы

Рейтинг
09.04.2015, 17:12

Бүгінде Қазақстандағы президенттік сайлау кампаниясының алғашқы онкүндігінде бірнеше жағымды үрдістерді көруге болады:

226740_10200716600509240_68361029_n

Біріншіден, үгіт-насихат жұмыстары еш ескертусіз, кандидаттар мен олардың сенімді өкілдеріне қатысты шағымдарсыз өтіп жатыр. Бұл қоғамдағы құқықтық мәдениет, сондай-ақ электоральды мәдениеттің ерекше көрінісі болып табылады;

Екіншіден, сайлаудың алғашқы аптасынан бастап сайлауға қатысу шақыруға бағытталған әр түрлі флэшмобтар, видеороликтер, онлайн-эстафеталар, постерлер бәйгесінің белсенді сипатқа ие болуы байқалады. Әсіресе, бұл бастамалардың барлығы жастар тарапынан жүргізіліп жатқаны ерекше көзге түседі;

Үшіншіден, тек алғашқы он күн ішінде Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлаудың барысын бақылайтын 337 бақылаушыны тіркеуі әр түрлі халықаралық, аймақтық, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан үлкен қызығушылықтың бар екендігін білдіреді.

Жалпы, жоғарыда аталған жағымды үрдістер сайлау науқанының қазіргі уақытта бірлескен сипатта өтуге, сайлау заңнамасы нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғанын айқын көрсетеді.

Алуа Жолдыбалина, саясаттанушы

Сұхбат

PhotoRoom