Көп этникалы елдердегі сайлау үрдісі - сарапшы

Рейтинг
16.04.2015, 14:53

Көптеген полиэтникалық мемлекеттерде сайлау үрдісіне әр түрлі ұлт өкілдерінің араласу деңгейін жоғарлатудың әрі билік жұмысына қатыстырудың өзіндік ұлттық механизмдері бар.

226740_10200716600509240_68361029_n

 

Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибеде саясатқа әр түрлі ұлт өкілдерінің қатысуын арнайы іс-шаралар, ресми әрі бейресми нормативті актілер, сондай-ақ, сайлау үдерісіндегі квота институты да қамтамасыз етеді. Мысалы, басқа ұлт өкілдері үшін заңнамалық квота тәжірибесі 52 елдің заңнамасында қарастырылған.

Парламенттің төменгі палатасында басқа ұлт өкілдері үшін заңнамалық квота (1 орыннан 10 орынға орынға дейін) 35 мемлекетке, оның ішінде Бельгия, Дания, Индия, Иран, Италия, ҚХР, Пәкістан, Португалия, Хорватия, Румыния, Словения, Сербия, Финляндияға тән тәжірибе. Сонымен қатар, басқа ұлт өкілдері үшін Парламенттің жоғарғы палатасына заңнамалық квота әлемнің 17 мемлекетінде қолданылады.

Жоғарыда аталған халықаралық тәжірибеден Қазақстан да тыс қадмады. Басқа ұлт өкілдері үшін Парламенттің төменгі палатасына заңнамалық сайлау квотасы тәжірибесі 2007 жылдан бастап қолданылуда. Әлемдік тәжірибеде жинақталған саяси қатысудың бұндай мемлекеттік-құқықтық құралдары демократиялық мемлекеттерде басқа ұлт өкілдерінің құқықтарын қорғауда әрі этносаралық татулықты сақтауда маңызды.

Алуа Жолдыбалина, саясаттанушы

Сұхбат

PhotoRoom