Майдангердің ұрпақтары ескерткіш орнатты

Түркістан облысы
10.05.2015, 23:33

Мына тылсым тіршілікке келген әрбір адамның өмір бойы өнеге тұтып, парасат-пайымына бас иіп, рухына тағзым етіп, еске алып жүрер ең болмағанда бір қимас жаны болады, сондай тау-тұлғалардың бірі - Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Қазақстан ауылының тумасы өмір бойы шекара қызметінде адал еңбек еткен  Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник  Сайып Садықов.

Бүгінгі  таңда  майдангердің жерлестері батырдың атына  ескерткіш орнатты.

Туыстары батыр туралы ақкөңіл, адал, еті тірі, ширақ адам еді. Біреудің ала жібін аттау, кісінің соңынан сөз айту дегенді мүлдем білмейтін. Ешуақытта мойыған, жасыған кездерін көрмегендігін. Өмірлік, адамгершілік қағидаттарға берік жан болғанын. Адамға тіке қарап сөйлейтін, бойындағы мінін бетіне айтатын қасиеті және оның осы мінездері әр кезеңдегі өміріне әртүрлі әсер еткен секілді. Соғыстағы әскери қатал тәртіптің ортасы оны жақсы қабылдады дейді.

Соғыстан кейін де елге оралып, адал қызмет етіп,  өзінен кейінгі ұрпаққа тек қана ағалық ақылын айтып, жастардың болашағына жол сілтеген, жақсылығы болса асырып, қанаттандырған, мүлт кеткен сәттер болса, сабасынан аспай, дауыс көтеріп, даурықпай тәлімгерлік шеберлікпен тура жолға салып жүретін жан болғанын айтып еске алысты.

1921 жылы дүниеге келіп, жастай майданға аттанып, шекара әскерінде білім алған батыр туралы естелік әңгімені ауылдықтар жақсы біледі. Оның тқла бойына біткен адами қасиеттері жайлы дастан жазуға да болады десті. Ал туыстары  мақтан тұтуда. Шекарашылар әулеті 2012 жылы полковник Сайып Садықовты мәңгілік сапарға шығарып салған. Дәл осы күні полковникке, Қазақстан тарихы пәнін тереңдетіп оқытатын сыныпта  ашылды. Асыл ағаның жарқын бейнесі талай жүректерден орын алып, жатталып қалғаны да бүгінгі күндей ақиқат.

 Сайгез Ақпарат

Сұхбат

PhotoRoom