Дін саласында әріптестік орнықты

Түркістан облысы
05.06.2015, 16:20

Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық» қонақүйінде облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізетін облыстық, қалалық, аудандық ақпараттық-насихаттық топтар мүшелерінің біліктіліктерін арттыруға бағытталған семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты - облыс көлемінде дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-насихаттық топтар мүшелері мен дін саласы өкілдерінің біліктіліктерін арттыру болып табылады.

Семинар-тренингке облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері болып табылатын облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-інің қызметкерлері, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің дін саласына жауапты мамандары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттердің имамдары, Шымкент қаласындағы орта мектептердің «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары, облыс орталығындағы діни оқу орындарының («Шымкент» медресесі, Құран Кәрімді оқып, үйрену орталығы, «Қамар» пансионаты) оқытушы-ұстаздары, т.б. барлығы 72 адам қатысты.

Семинар-тренинг басталмас бұрын облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен «Нұр – Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті арасында өзара әрекеттестік жөнінде меморандум қабылданды. Меморандумда облыс көлемінде Ислам діні бойынша өткізілетін біліктілікті арттыру семинарларында «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті тарапынан Ислам дінінің Ханафи мазһабы (фиқһ) және имам Матуриди сенімділік мектебіне сай (арнаулы) дәрістер өткізу, екі жақты тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде, деструктивті діни ағымдармен жұмыс жүргізу тәсілдерін жетілдіру бойынша қос тараптан өзара кеңестер, тәжірибелер алмасу жұмыстарын жүргізу, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алушылардың қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес әрі қажеттілігіне қарай облыстық ішкі саясат басқармасында және оған қарасты «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-інде іс-тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес аталмыш оқу орны түлектерінің облыс аумағында жұмысқа орналасуына қолдау көрсету мәселелері қарастырылған.

Семинар-тренингтің соңында барлық қатысушыларға «Нұр – Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің тарапынан арнайы сертификаттар тапсырылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom