Еуразиялық Одақты құру келісім шартына қол қоятын күн жақын...

Рейтинг
13.05.2014, 15:59

Еуразиялық экономикалық одақ құру бойынша қызу келiссөздер жүргiзiлiп жатыр. Ұйымды құру туралы құжатқа мамыр айында Астанада қол қойылады деп жоспарланған. Ол туралы жыл басында Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысы барысында ведомство басшысының орынбасары Тимур Жақсылықов мәлімдеген болатын.

Вице-министр сол кезде келіссөздер кезінде Қазақстан мүддесі қатаң сақтала отырып, қабылданатын шешiмдердiң экономикалық негiзделу принциптерi бойынша жүргiзiліп жатқанын айтқан еді. Қоғамда түрлі пікір бар. Әлемдік державалардың сегіздігінен қалыс қалған Ресей аймақта гегемонияға ұмтылып жатқанда, Еуразиялық ЭКОНОМИКАЛЫҚ Одақ құру туралы қол қоюымыз қалай болар екен?

Жәнібек Сүлеев, публицист:

 

Сырым Әбдірахманов Сырым Әбдірахманов

Реинкарнация тақырыбы күн тәртібінен түсіп қалуы хақ Мені өздеріңіз білетіндей, даттан да, мадақтан да аулақ жүретін адаммын. Соңғы кезде қоғамда көтеріліп жүрген одаққа кіру Кеңес дәуіріне қайта бет бұрыс алу пікірінің Елбасының стратегиялық бағытына сай келмейтініне толыққанды көзім жетті. Оның үстіне, Ресейдің төріндегі М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанның Еуразия одағына кіру әрекетінің тек экономикалық шеңберде ғана жүзеге асатынын айтқаны менің азаматтық көзқарасымды тағы бір растады. Бұған дәлел ретінде, біріншіден, Президенттің Украинада орын алған жағдайға дейін бұл идеяны жариялағанына 15 жылдан асты. Интеграцияға келіскен әр мемлекет үшін ең басты шарт – қай елге болмасын, Тәуелсіздік пен саяси Егемендікке нұқсан келтірмеу. Сондықтан, реинкарнация тақырыбы күн тәртібінен түсіп қалуы хақ. Екіншіден, экономикалық тұрғыда Қазақстан тек табиғи байлығымен ғана емес, сонымен бірге, индустриалдық-инновациялық жобалар мен кіші бизнестің тауарларына, және олардың дамуына Ресей, Беларус елдерінің 170 миллионнан астам халқы бар нарығына қол жеткізе алады. Қазақстанның 17 миллион халқымен өз сорпасын көпіруімен өздігінен тауарларын өткізуге қиынға соғатынын әрбір сарапшы айта алады. 5 жылдан бергі уақытта жалпы Еуразиялық кеңістігі мен Кеден одағы елдерімен тауар айналымымыз 88%-ға артып, 24,2 миллиард долларға жеткенін де жоққа шығара алмаспыз. Ресейлік пен Беларустік компаниялармен бірлескен кәсіпорындары көптеп ашылуда. Сондықтан, экономикалық тұрғыда бұл әрекет Қазақ Еліне тиімді болуы керек. Үшіншіден, Қазақстан мен Ресейдің 7,5 мың шақырымға ұласқан бірлескен шекараларын ескере отырып, көршіні мойындамау қате пікір деп білемін.

 

Әзірлеген Асыл ҚАРАШ

Сұхбат

PhotoRoom