Геронтократия

Рейтинг
10.06.2014, 14:05

Фотода: Брежнев Леонид Ильич (сол жақта) - ГДР (Батыс Германия) басшысы Эрик Хоннекермен. Брежнев КСРО-ны 1964 жылдан бастап, 1982 жылға дейін басқарды. Оның әбден қартаюы және қант диабетіне шалдығуы себепті тілі күрмеліп сөйлеуі - совет адамдарының арасында жүздеген анекдоттарға арқау болды, ал қонақтарды құшақтап сүю әдеті кейінгі жылдары - алжығанға баланды. Брежнв басқарған жылдарда совет экономикасында ұзақмерзімді стагнация орын алды, әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген салаларында көрсеткіштер өзгеріссіз қалып немесе болмашы ғана жақсару белгілері болып, халық арасында "тоқырау кезеңі" деген атақ алды.

Геронтократия (гр. Geron – қарт, егде + kratos – билік, күш) – ойшылдардың зерттеулеріне қарағанда адамзат тарихының алғашқы сатыларында қоғамды басқарудың формасы болған. Өйткені дәстүр бойынша билік жасы үлкен, қарт адамға тиесілі. Қазіргі ғылым мұндай басқару формасының болғанын дәлелдеген жоқ. Дегенмен Геронтократияға кеңестік кезеңдегі Л.Брежнев, К.Черненколардың басқарған тұсын айтуға болады.

Сұхбат

PhotoRoom