Қала әкімдерінің рейтингі — SAIGEZ.KZ (1 желтоқсан, 2015ж)

Рейтинг
01.12.2015, 00:00

SAIGEZ.KZ облыс орталықтары әкімдерінің рейтингін ұсынады. Бұл айда өзгерістер көп. Үздік төрттіктен төмендеп көрмеген Ермек Алпысов Астанаға қызмет ауыстырып, жоғарылап кеткен жайы бар. Орнына Бағдат Қарасаев тағайындалды. Қала әкімдерінің атқарған жұмыстары айдың алғашқы күнінен сараланатындықтан, сарапшылар Талдықорған әкімін бұл айда емес, рейтингтің жылдық қорытындысына қосқанды жөн санады.

ҮЗДІК ТӨРТТІК

1. Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, Шымкент қаласы

IMG_2880

Қараша айы бастала салысымен, «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізіліңп жатқаны хабарланды. Өз деңгейінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан шаһардың Қайтпас-1 шағынауданында 15 үйге табиғи газ қосылған. Шымкентте республикада теңдесі жоқ қазандық іске қосылмақ. Бұл қондырғы болашақта Шымкент халқының 85 пайызын қыстыгүні жылумен қамтамасыз етпек. Құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған нысан жуық арада шымкенттіктер үшін кәдеге жарамақ.

Ғ. Әбдірахымов бұл айда да іскерлігімен көзге түсті. Ол 11-қарашада облыс әкіміне Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Таныстырып қана қоймай, соған сәйкес алғашқы тапсырмалар да беріп тастады. Бұл Алматы қаласына тағайындалған Бауыржан Байбектің қаланы дамыту жөніндегі 5 принципінен кейін көзге түскен ірі жоба болды. Шаһардың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған. Бір ерекшелігі қала әкімшілігінің қызметкерлері бұл жобаны мәслихат депутаттарына ғана емес, бейресми түрде қала белсенділерімен де талқылады. Шаһар өміріне бей-жай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды делініп отыр.

Осы айда «Ақылды» қала Халықаралық конгресс-көрмесі аясында Барселона мэрінің орынбасары Жерардо Писарелло мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов екіжақты әріптестік кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қос тарап өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасқаны да қала әкімінің рейтингтегі алғашқы орнын сақтап қалуға ықпал етті. Ол сондай-ақ қараша айының соңында Шымкент халқымен әр ауданда ашық кездесулер өткізді. Шымкентте қала әкімінің кореялық Korea Smart Card компаниасы өкілдерімен кездесу өтті. Нәтижесінде ОҚО әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылды

2. Көлгінов Алтай Сейдірұлы, Орал қаласы

Алтай кульгинов

БҚО орталығының әкімі де өткен айдағы екінші орнын сақтап қалды. Айдың басында Орал қаласында Деркөл кентіне апаратын жолдағы Шаған көпірі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, көпірді жөндеу ісі мерзімінен бұрын толық орындалған. Орал қаласында жолдардың жалпы ұзындығы 580,9 шақырым болса, соның 287 шақырымы немесе 49,4 пайызына ғана қатқыл табанды жол төселген. Сол 287 шақырым қатқыл табанды жолдың 45,4 пайызы тозған, жөндеуді қажет етеді. Биыл ағымдағы жөндеуге 150 млн. теңге бөлініп, 75 көше жолындағы шұңқырлар тегістелді. Әкімшіліктің бар проблеманы ашық айтып, халықты ақпараттындырып отыруын сарапшыларымыз жоғары бағалады.

Қалада Н.Некрасов пен М.Лермонтов көшесі бойындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталған орамдар бойымен Құрманғазы көшесінен Ж.Досмұхамедов көшесіне дейінгі 1576 метр жол учаскесін жөндеуге 186,5 млн. астам теңге бөлінген болатын.

3. Календеров Нұржан Сәбитұлы, Тараз қаласы

календеров НуржанҚазақ хандығының 550 жылдығы аясында қайта түлгеген Тараз қаласының әкімі сарапшылар тарапынан жақсы бағаланып, үздіктер қатарына жайғасты. Қараша айында халыққа ең қажетті дүниелер жайлы жақсы жаңалықтар көп болды. Тараздың тұрғындары алғашқы болып «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында баспанаға қол жеткізді. Қаланың ортасында 210 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй елдің игілігіне берілді. Сондай-ақ, «Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында салынған көппәтерлік тұрғын үй Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында пайдалануға берілді. Бұл тұрғын үй Тараз орталығында, ұзақ уақыт бойы салынған проблемалы «Атшабар» кешенінде орналасқан. Тағы бір жағымды жаңалық «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл филиалы Таразда пәтерлерді бөліп жатыр.

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға 1 млрд.-тан астам теңге бөледі. ЕҚДБ «Тараз Су» МКК-на сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртып, оны одан да энергиялық тиімді ететін және судың жоғалтылуын азайтуға мүмкіндік беретін 1,05 млрд. теңге көлемінде несие береді. ЕҚДБ-нің мәліметтерінше, бұл жобаны қаржыландыруға Қазақстан Үкіметі 345 млн. теңге көлемінде инвестициялық грант, ал Тараз қаласының әкімдігі - 105 млн. теңгені құрайтын грантты ұсынады.

Қараша айында Таразда облыс орталығындағы исламның рухани ошағы қатарына жаңа мешіт қосылды. Календеров бір айдың ішінде 2 саты жоғарылап үздіктер тобына қосылды.

4. Бакауов Болат Жұмабекұлы, Павлодар қаласы

Болат Бакауов

Павлодар қаласы әкімі мобильді жұмыс істеуге көшті. Бұл қалада да рейтинг лидері Ғадидолла Әбдірахымовтың тәсілі пайдаланылмақ. Павлодар қаласының тұрғындары қаланың көркіне қатысты түйткілді мәселелер - көшенің санитарлық жағдайы, коммуналдық қызметкерлердің жұмысы туралы немесе асфальт бұзылған жағдайда +7 775-383-18-51 нөмірі арқылы WhatsApp қосымшасының көмегімен қала әкіміне тікелей хабарлай алады. Фотосуреттер мен бейнежазбаларды әкім өзі қадағалап, шұғыл түрде шаралар қолданатын болады. Қажет болған жағдайда көрсетілген орындарға өзі барады.  Қараша айының басында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары мен арендалық баспанаға кезекте тұрған азаматтарға 108 пәтер берілді. Тағы бір қуанышты хабар, қалада тәулігіне бүйрек жетімсіздігі бар 100-ге жуық пациентті қабылдауға қауқары бар «BB NURA» бірегей нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды. Жастар саясаты және патриоттық тәрбиелеу бойынша кеңес отырысында Павлодар әкімі Болат Бақауов қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Ю.Гагарин атындағы саябақты бақылауды қалалық жастарға  тапсыруды ұсынды. Әкімнің сөзіне қарағанда, жақын арада Гагариндік саябақ - жас павлодарлықтардың сүйікті орны.  Мұнда жүгіру жолдары, спорттық алаңдар және серуендеуге арналған аллеялар болады. «Саябақта ескі ағаштарды қопарып тастауға тура келді, сондықтан жасыл желекті жаңғырту қажет, - деді ол. - «Жасыл ел» жасағына Ю.Гагарин атындағы саябақты жастар саябағына айналдыруды ұсынамын. Болашақтағы кездесулеріміздің бірі сонда өтуі мүмкін».

Болат Жұмабекұлы алғашқы рейтингтерде 8-сатыдан көрініп, ортаңғол басқарушылар санатында жүретін. Дауыс беруші сарапшылар тобы Павлодар қаласының әкімін үздік төрттікті түйіндеуге лайықты санады.

ОРТАҢҒОЛ БЕСТІК

5. Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлы, Қызылорда қаласы

IMG_0148 копия

Қала келбетінде өзгеріс көп. Сарапшылардың айтуынша, әкімнің әрекеттері халыққа жеткілікті дәрежеде емес. Қараша айында әкімнің өзі мүлде көрінбей қалғанмен, Қызылжарма жерасты су қоймасы пайдалануға беріледі. Мамандар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылған шаралар нәтижесінде қызылордалықтардың толықтай таза ауызсумен қамтылатынын айтады. Бүгінде Тасбөгет кентін толық газдандыру мақсатында қолға алынған құрылыс жұмыстары аяқталды. Көп ұзамай кент жұртшылығы көгілдір отынның игілігін көрмек.

Қаладағы үш аумақта қоныс тойы болады. Олар – «СПМК-70» шағын ауданы, Желтоқсан көшесінің бойы және «Маржан» көппәтерлі тұрғын үй кешені. Бокс орталығының ашылуы да 1-желтоқсанға орайластырылып отыр екен.

6. Маржықпаев Ермек Боранбайұлы, Көкшетау қаласы

Маржикбаев ермек

Бұған дейінгі рейтингтерде аустайдерлер қатарында ғана жүрген Көкшетау қаласының әкімі Е. Маржықбаев қараша айында бірқатар жұмыстармен көзге түсті. Алдымен саяси шешім қабылдап, жаңа орынбасарын тағайындалды. Жаңадан тағайындалған қала әкімінің орынбасары Шамрат Садуақасов осыған дейін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Шаһар облыстық деңгейдегі «Қазақстанда жасалған» сауда белгісімен ұйымдастырылған халыққа қажетті жәрмеңкені қабылдады. Облыс әкімі Сергей Кулагиннің ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі дәстүрлі брифингісіне қалаға қатысты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етілген. Е. Маржықпаевтың қараша айындағы тағы бір айта кететін басты жұмысы Көкшетауда жаңа халыққа қызмет көрсету орталығын ашып, облыс әкімімен бірге жұмысымен танысуы болды. Сарапшылардың берген бағасы бойынша, Көкшетау қаласының әкімі өткен айдағы 10-сатыдан бірден алғашқы алтылыққа енді.

«Ортаңғол бестіктің» белді өкілдеріне айналған Атырау, Өскемен және Қарағанды қалаларының әкімдері өткен айдағы орындарын сақтап қалды.

7. Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы, Атырау қаласы

8. Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы, Өскемен қаласы

9. Әубәкіров Нұрлан Ерікбайұлы, Қарағанды қаласы

АУТСАЙДЕРЛЕР ТОБЫ

Сарапшылар аутсайдерлер тобында да бәлендей өзгеріс жоқ. Әзірге төменгі сатылардағы әкімдер тарапынан жарқ етіп көрінетін тың бастамаларын байқамағанын атап өткен. Қазан айында атқарылған жұмыстар бойынша түзілген, яғни қарашаның басында жария етілген рейтингке қатыстырылмаған Қостанай қаласының әкімі Базыл Шамұханұлы да, Ақтөбеге тағайындалған Бекбол Сағын да көзге түсе қоймады. Есесіне үздік әкімдер қатарынан түспеген Ермек Алыпосвты алмастырған талдықорғанның су жаңа әкімі Бағдат Қарасаев істі бірден қолға алғанын көрсетті. Қараша айында тағайындалғандықтан, бұл айдың рейтингіне қатыстырылмады. Әкімдерді бағалауға атсалысқан сарапшы қауым бұл қарқынмен Талдықорған қаласының әкімі жыл соңындағы қорытынды рейтингте лайықты бағасын алады деп отыр.

10. Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы, Петропавл қаласы

11. Тұрымов Серікбай Өтелгенұлы, Ақтау қаласы

12. Жақыпов Базыл Шамұханұлы, Қостанай қаласы

13. Бекбол Сағын, Ақтөбе қаласы

SAIGEZ.KZ

Сұхбат

PhotoRoom